GEOKURS — GQ Mining Synergy 2026 форумында
23 августа 2026
GEOKURS — GQ Mining Synergy 2026 форумында ⛏️
Геология, тау-кен ісі және геотехника салаларының мамандарын біріктірген халықаралық форумға қатыстық.
Іс-шара барысында GEOKURS мониторинг жүйелері туралы баяндама жасап, олардың деформацияларды бақылауға, нысандардың қозғалысын талдауға және аномальды өзгерістерді дер кезінде анықтауға мүмкіндік беретінін таныстырдық.
Сонымен қатар технологияларымыздың жұмысын тікелей далалық жағдайда көрсетіп, заманауи шешімдердің тәжірибеде қалай қолданылатынын демонстрацияладық.
Ұйымдастырушыларға және форумның барлық қатысушыларына нәтижелі диалог, тәжірибе алмасу және жаңа кәсіби байланыстар үшін алғысымызды білдіреміз!
